Түркістан облысында балабақшаның төрт қызметкері балаларды ұрып-соққан

Түркістан облысының Келес ауданында балабақшаның төрт қызметкерінің балаларды ұрып-соққаны белгілі болды. Otyrar.kz-тің хабарлауынша, бұл жағдайды ауданның прокурорлары бейнебақылау камераларын қараған кезде анықтаған. Бейнежазбадан әйелдің бүлдіршінді еден сүрткішпен ұрғаны анық байқалған. Енді әйел 3 жылға сотталуы мүмкін. Сонымен қатар қадағалаушы орган балабақшалардағы санитариялық талаптардың орындалуы мен тамақтың сапасын тексерген. Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұловтың айтуынша, прокурорлар тек бала қауіпсіздігін қарамай, балабақшаға бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқанын тексереді. Соны тексеру үшін мониторинг жасалады. Алдағы уақытта балақайларға берілетін тағамдарды зерделейміз. Бұл әзірше тек 6 балабақшаны тексеру кезінде шыққан дүние. Алда қанша мекеме бар. Бұл жұмысты 20 күнде аяқтаймыз. Біз бала құқығының сақталып жатқанына көзімізді жеткізу үшін бар жағдайды жасаймыз, – деді ол. Жақында Шымкенттегі жекеменшік балабақшада да дәл осындай жанжал шыққан болатын. Онда балабақша тәрбиешісінің баланы тәрбиелеу кезінде қатыгездікке барғаны анықталған. Қалалық Білім басқармасы ұрып-соғудың болмағанын, әйелдің бүлдіршіндерді тынышталуға шақырғанын айтса да осы оқиғадан кейін тәрбиешінің көмекшісі өз еркімен жұмыстан шығып кетті. Жекеменшік балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы ұшақ апаты: Embraer компаниясы мәлімдеме жасады
Жыл басынан бері Парламент 104 заң қабылдады
Ұлттық банк 2000 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығарды
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайын болды – Марат Қарабаев
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды