Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңгеден астам сома жымқырған

Түркістан облысының білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңгеден астам сома жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды  Антикордың баспасөз қызметі.Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар бюджет қаражатын аса ірі көлемде жүйелі негізде жымқырды деген күдікке ілінді.Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 миллиард теңге сома жымқырған.Қазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, олардың төртеуі қамауға алынды."Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автокөлік, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды. Сонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған", - делінген Антикор таратқан хабарламада.Ведомство сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 миллиард теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады. Қылмыстық топта басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері де бар, барлығы 13 адам. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Роботтар дәуірі басталды
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды