Түркістан облысында бір ауылдың оқушылары мал бордақылайтын орында оқуға мәжбүр

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Ынтымақ ауылындағы балақайлар соңғы 34 жыл бойы мектептің орнына мал бордақылайтын орында оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.Жылда күрделі жөндеу көрмеген ғимараттың жауын жауса үстінен су өтеді. Ал, едендері шіріп жатыр. Көне ғимаратты мұғалімдер мен ата-аналар өздері жамаумен әзер ұстап отыр. Қазір, мұнда 205 оқушы білім алады. Арнайы пән кабинеттері бұл білім ошағы үшін арман. Орын жетіспеген соң 10 мен 11 сынып оқушылары көрші ауылдарға барып оқиды. Мұғалімдер бөлмесі болмаған соң, 33 педагог дәлізде сығылысып отырып сабаққа дайындалады. Онсызда орын жетіспейтін мектепте қажетке жарар 10 кабинеттің бірін асхана міндетті болу керек деген соң биылдан бастап тамақтануға беруге мәжбүр. Яғни мұғалімдер енді бала сыйғызу туралы тағы бас қатыру керек, деп хабарлайды КТК телеарнасы. "Бір сынып комплектісінде 25 оқушы болатын болса, бізде 25 бала сыятын кабинетіміз жоқ, қазір. Сол себепті оқушы саны 19-20 болған кезде екіге бөлінеді. Сонда бір класта 12 баладан отырады. Бөліп тастаймыз, иә. Сол себепті қазір 2,3,4 сыныптар бәрі 2 сыныптан оқиды. Енді арнайы пән кабинеттері жоқ. Тек қана сабақ өтумен шектеледі. Ал дене шынықтыру күн жылы уақытта алаңымыз бар, спорт алаңы, сол жерде өтеді. Ал қыс уақытында шахмат, шашка, тоғызқұмалақ кабинетте өтеміз",-дейді Сұлтан Ысқақов атындағы мектеп директорының орынбасары Берік Аспанов.Мұғалімдер бірнеше жылдан бері ғимарат керек деп хат жазса, ата-аналар облыс әкімдеріне дейін барған екен. Сөйтіп, 2020 жылы 981 миллион теңгеге мектеп салмақ болған кезде, "қаржы жоқ" деп кері қайтарылыпты. Енді сол 200 орындық мектептің құны 1 миллиард 642 миллион теңгеге дейін көтеріліп кетіпті. Облыстық ақжағалылар қолдап жіберсе, биыл жаңа мектеп құрылысы басталмақ. "Облыстық білім басқармасына тапсырылып, облыстық білім басқармасы арқылы құрылыс басқармасына ұсыныс жасалынды. Осы алдағы қыркүйек айындағы облыс мәслихаттың сессиясына ұсынылуда. Егер облыс мәслихаттың сессиясымен қолдау тауып, қаржы қаралған жағдайда биылғы жылы басталып құрылысы, келесі жылмен жалғасып, келесі жылдың қыркүйек айына пайдалануға берілу жоспарлануда",-дейді Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұхитбек Сәрсенбеков.Үш жылда құрылыс құны екі есе өскен мектепті атқамінерлер қолдап жіберсе Ынтымақ ауылының оқушылары келер оқу жылын спорт зал, акт залы мен мұғалімдер бөлмесіне дейін бар жаңа мектепте қарсы алмақ. Ал, егер қолдамаса қазіргідей қырық жамау ескі ғимаратта оқуын жалғастырудан басқа амалдары жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қара жәшік Қазақстанға жетті
«Біреуді мазақ еткен комментке лайк басу күнә». ҚМДБ пәтуа жасады
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
«Бақытты болуға лайықты»: әнші Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты
Жітіқарадағы өртте бес баласынан айырылған әйел адам 5 жылға сотталып кетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Жануарға еліктеуге, төрт аяқтап жүруге шариғат тыйым салады - ҚМДБ
Елордада ересектердің қарауынсыз қалған үш бала құтқарылды
Қайрат Нұртастың інілері аяқ-қолын сындырып, гипспен жүргені туралы видео тарады