Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға батып кетті

Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға батып кетті, барлығы мерт болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.Облыстық ТЖД мәліметінше, алғашқы жағдай Келес ауданы Абай ауылында болған. 2017 жылы дүниеге келген бала 9 шілде күні сағат 12:00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған. Досының айтуынша, олар Келес өзенінің жанына бірге барған. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар сол күні сағат 16:30-да ені – 10 метр, тереңдігі 2 метрге жететін өзеннен баланың денесін алып шықты.Ал екінші оқиға 9 шілде күні сағат 14:30-да Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында болған. 2021 жылы туылған бүлдіршін жеке тұрғын үйдің ауласындағы ваннаға (ені – 0,5 метр, ұзындығы – 1,5 метр, тереңдігі – 0,6 метр) құлап, батып кеткен. 2 жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалып қойған екен. Баланың денесін ата-анасы сол күні сағат 15:06-да судан шығарып алған.Үшінші оқиға 9 шілде күні сағат 12:00-де Төле би ауданы Біркөлік ауылындағы  демалыс аймағында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы дүниеге келген бүлдіршін бассейнге құлап, батып кеткен. Бассейннің ені – 3 метр, ұзындығы – 5 метр, тереңдігі – 1,5 метр. Баланың денесін туыстары судан шығарып алған.Төртінші жағдай  дәл сол күні Жетісай ауаны Атамекен ауылдық округінде орын алды. 2015 жылы дүниеге келген бала К-25-9 суармалы каналына батып кеткен. Жергілікті тұрғындар 10 шілде күні сағат 00:30-да мәйітті судан алып шыққан.Бір күнде суға батып қайтыс болған төрт баланың өлім себебі анықталуда. Тиісті сот- медициналық сараптама тағайындалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті