Түркістан облысында бірқатар елдімекенді қарғын су басты. Әсіресе Абай мен Бабайқорған ауылдарында жағдай қиын. Кеше кештен басталған нөсер жауыннан қар еріді, оған тау суы қосылып, көшелердің барлығы суға толды. Жұрт әбігерге түсуде.Су басқан аймақтарда төтеншеліктер жұмыс істеп жатыр. Жаңбыр суын сору және ағызу шаралары атқарылуда. СНХ} Бақытжан ЗАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жауын-шашын облыс аумағында тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Суды қашыртуға барлығы 308 адам, 51 бірлік техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖД: 68 адам, 11 бірлік техника, 20 мотопомпа, 1 жүзу құралы. ЖАО 240 адам, 40 бірлік техника, 5 мотопомпа. А. Задабек