Түркістан облысында диқандар 1,6 млрд теңге қарызын ала алмай жүр

Түркістан облысында мақта дақылын егу көлемі азаюы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының шаруалармен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында болып, мақта өсірумен айналысатын диқандармен кездесті. Басқосудың басты мақсаты – осы саладағы барлық мәселені талқылап, әлі күнге өткізген мақтасының ақшасын ала алмай жүрген диқандарға көмек беру. Себебі мақта өңдеу зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд теңгеге жеткен.Алқалы жиынға Жетісай және Мақтаарал аудандарының әкімі, өңірдегі барлық мақта зауыттарының басшылары мен микроқаржы ұйымдарының басшылары, қос ауданның мақта өсірумен айналысатын диқандары қатысты. Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары ортақ мәмілеге келіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.«Өткен жылы мақта дақылы 126,3 мың гектарға егіліп, 361,8 мың тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылының егіс көлемін 14,9 мың гектарға кемітіп, 111,4 мың гектарға егу жоспарланған. Өздеріңізге белгілі 2022 жылы басталған геосаяси жағдайға байланысты мақта талшығын экспорттау қиын соқты. Бұл шитті мақта бағасына тікелей әсер етіп отыр», – деді Е. Кенжеханұлы. Айта кетейік, әкімдік агроқұрылымдардың мүддесін қорғау мақсатында мақта өңдеуші зауыттармен кездесулерді жалғастырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды
Шымкентте молдовалық экспансия: «Жетісу» менсінбеген қорғаушы «Ордабасының» жейдесін киеді
Қатонқарағайға Астана мен Алматыдан тікелей рейстер қатынайтын болады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды