Түркістан облысында дүкенде жарылыс болып, екі адам зардап шекті. Олардың бірі 60 жастағы кәсіп иесі болса, екіншісі 6 жасар немересі. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Туыстарының сөзінше, жарылыс болған сәтте апасы немересін денесімен бүркеп, қорғап қалыпты. Шағын азық-түлік дүкенінің бір жақ қабырғасы түгел опырылған. Олжас АРАПБАЕВ, ЛЕҢГІР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Немересі күйік алған жарақаты бойынша амбулаторлық ем қабылдап, үйіне қайтарылған. Апасы реанимацияда, жан жақтау бөлімінде қазір ем қабылдап, ем жүргізіліп жатыр. Апада 10-12 процент бет аймағы, қолдары ... Жағдайы қазір бірқалыпты. Мамандардың мәліметінше, бұл нысанның астынан газ құбыры жүргізілген. Әзірге бұл болжам. Нақты себебі сараптамадан соң белгілі болады. Айта кетейік, шағын дүкен 2006 жылы салынған. Бірақ азық-түлік дүкенінің иелері құрылыс жүргізерде бұл жердің қауіпті аймақ екені жайында ескертілмегенін айтады. Бибіхан ӨТЕЛБАЕВА, ДҮКЕН ИЕСІНІҢ ҚЫЗЫ: Документ бойынша барлығы, әкімге дейін рұқсатын беріп қойған. Одан кейін үш жылдан кейін барып айтылды астында газ жатырғаны. Оған дейін білмеген, айтылмаған. Талап етеміз осы кеткен шығындардың бәрін өтеуін.