Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында газ баллоны жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Редуктордың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты газ-ауа қоспасының жарылған. Үйдің төбесі мен жиһазы жоғары температурадан жанып кетті. Осы уақытта жақын жерде 14 жасар қыз болып, күйік алған. Ол ауруханаға жатқызылды. "Ордабасы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр термиялық шокпен науқас жеткізілді. Жалпы жағдай ауыр. Қарқынды емдеу жүргізілуде, телекөпір арқылы балалар комбустиологының консультациясы өткізілді", – деп мәлімдеді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.