Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. «Шымкент-Самара» автожолында 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан» делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.Сондай-ақ, Қызылордада 5 қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған жеңіл көлік жанып кетті. Жеңіл автокөлікті толығымен шарпыған өрт 12 минут ішінде сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.