Түркістан облысында кәсіпкер табиғи газды заңсыз пайдаланып келген

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылында орналасқан жылыжай шаруашылығы көгілдір отынға заңсыз қосылған. Ол арнайы тексеру кезінде анықталды. Газ мамандарының мәліметінше, елдімекенге келетін газдың қысымы белгілі бір жерге келгенде күрт төмендеп кететіні байқалған.   «Бірлескен тексеру нәтижелері бойынша "Сарыағаш" ГТС-тің жұмыс істеп тұрған жоғары қысымды 108 мм газ құбырына өз бетінше қосылу фактісі, сондай-ақ объектіде қолдан жасалған 4 қыздырғыш пештің жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Қосылу нүктесіндегі газ құбырының диаметрі Ø57 мм, қосылу нүктесіндегі газ қысымы жоғары. Қазіргі уақытта барлық жағдайлар анықталуда, сондай-ақ газбен ажырату үшін құбыр үстіне құйылған бетон плитасын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде, тексеру аяқталғаннан кейін осы факт бойынша толық ақпарат берілетін болады», делінген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті таратқан ақпаратта.        Жылыжайдағылардың табиғи газды нақты қай уақыттан бері заңсыз қосып келгені әзірге айтылмады. Белгілісі, аталған мекен-жай бойынша шаруашылық 2017 жылға дейін ғана тұтынушы ретінде тіркелген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Almaty Theatre сахнасындағы жаңа жылдық кеш: балет, музыка және бал-маскарад магиясы
Түркиялық компаниялар Құрық портының жанында кеме жасайтын зауыт салады
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді