Түркістан облысында 8-дегі жеткіншек абайсызда тиген оқтан ажал құшты. Оқыс жағдай Қазығұрт ауданындағы серіктестіктердің біріне тиесілі егістік алқапта болған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, жүзім бағында құс ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген. Анықталғанындай, күдікті - Сарыағаш ауданының тұрғыны. Полиция бөліміне жеткізілген азаматтан 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.Гүлнар ӘБДІЖАППАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК «Абайсызда қазаға ұшырату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Арнайы сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде.