Түркістан облысында кене шаққан жасөспірім қайтыс болды. Ол-Сауран ауданының 15 жастағы тұрғыны. Дәрігерлердің дерегінше, өзін жайсыз сезінген науқас бастапқыда кеселдің қайдан келгенін сезбеген. Ауруханаға кеш жеткізілгендіктен оны аман алып қалу мүмкін болмады дейді. Санэпидемиологтар биыл өңірде кене шағу жағдайы азаймай тұрғанын айтады. Мал шаруашылығы дамыған Түркістан облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы саналады. Жыл басынан бері аймақта мыңға жуық тұрғынды кене шаққан. 48 азаматтан аталған ауру белгілері байқалып, сынама алынды. 9 адамның аса қауіпті жұқпалы ауруды жұқтырғаны расталған. Қазір науқастармен байланыста болғандар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Бақтыораз ЕЛЕМЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Жыл басынан бері облыста кене шағу жағдайымен 985 адам қаралды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 1,2 ге көп. Былтыр осы кезеңде 1001 жағдай тіркелген болатын. Өкінішке орай, науқастың дәрігерлік көмекке кеш жүгінуі себептен 1 науқас жасөсріпім бала қазір көрсетілген ем шараларға қарамастан қайтыс болды.