Түркістан облысында тұрғындарға 10 млн теңге шығын келтіргендер ұсталды.Қылмыстық топ Қазығұрт пен Төлеби аудандарындағы жайылымдардан ірі қара малдарды жүк көлігімен алып кетіп отырған. Содан ұрланған малды сойып сатқан. Ал тапқан пайданы өзара бөліске салған. «Алты бірдей күдікті 30-дан астам малды қолды еткен. Жалпы тұрғындарға келген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. Айғақты зат ретінде күдіктілерден ГАЗель жүк көлігі, ұялы телефондар мен соңғы ұрлап бара жатқан 5 бас мал тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр» - деді Түркістан облысы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Абдурахманов.