Түркістан облысында марокко зиянкестері қаптап кетті

Түркістан облысында шегіртке қаптады. Марокко зиянкестері Сарыағаш пен Келес ауданының жайылымдық жерлерін тып-типыл етіп барады. Тұрғындардың айтуынша зиянкестер биыл әдеттегіден тым көп. Әлімтау ауылының тұрғындары шегірткеден азар да безер болып отыр. Марокко зиянкестері әлі қанат байлап үлгермесе де жолындағының бәрін жайпап барады. Тездетіп көзін жоймаса төрт-түлігіміз азықсыз қалады ма деп алаңдайды. Сапар ӘБДІРАЙЫМОВ, ӘЛІМТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Былтыр 500 гектар арпаны жеп кетті, шаңын шығарып. Биыл міне бара жатыр енді, тағы жейді биыл құдай қаласа, дымын қоймайды бұларды құртпаса. Жердің бәрін тұтасып, шөбіміздің бәрін жеп, ада қылатын болды. Әзімхан ЖАМАНБЕКОВ, ӘЛІМТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Жылда келіп самолетпен шашады, техникамен шашады дәріні. Бірақ жылдан жылға көбейіп бара жатыр шегіртке. Нәтиже жоқ ешқандай. Дәрісі әсер етпей жатыр. Әсер етсе бұл өлер еді ғой. Жылдан жылға көбейді. Жергілікті жұрт былтыр дәрілеу жұмыстары тым кеш басталғанын айтады. Дәрі шашамыз дегенше шегіртке қанаттанып, бой бермей кеткен көрінеді. Шегіртке ошағы алты ауылдық округте анықталған. Аумақтық инспекция ақпаратынша, қазір зиянкестер биологиялық өсудің төртінші сатысында. Сәуір айының ортасынан басталған дәрілеу жұмыстары биыл 271 мың гектар аумақта жүргізілмек. Мамандар биыл нәтижелі болады деп сендіруде. Препараттар алмастырылып, дозасы күшейтілген. Батырбек ТАҒАЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл қазір көріп отырсыздар, «тиаметрин», «карат супер» деген дәрілер қолданылып жатыр. Екі ұшақ жосарланған ауданға. 25 жерүсті техника жүріп жатыр. Жалпы облыс бойынша 100-ге жеткізіп жатыр техниканы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Не болғанын әлі айта алмайды»: Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының аты-жөні жарияланды
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды