Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігіне сілтема жасап zakon.kz хабарлады.Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізіліп, алдағы күндері өңдеу шараларын бастау жоспарланып отыр. Өзге өңірлерде жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошағы анықталған кезде басталады. Жалпы биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Мамандардың болжамынша, зиянкес 1,6 млн гектардай аумаққа таралуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv. Бүгінде 385 мың гектардан астам пестицидтер қоры бар. Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылған. Өңдеу жұмыстарына арнайы техника мен әуе көліктері жұмылдырылады.