Түркістан облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды

Түркістан облысы Келес ауданында мектеп оқушылары арасында топтық төбелес болды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілердің бірінде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Аталған оқиғаға қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді."Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік болғаны жайлы айтып, арызданды. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің басшылығымен бірге мектеп әкімшілігі де шықты. Оқушыға алғашқы көмекті жергілікті мектеп мұғалімі көрсетті. Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы 2 оқушының арасында өзара кикілжің туындаған. Нәтижесінде жәбірленуші 11 сынып оқушысы емханаға түсті. Бүгінгі таңда ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды. Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту мақсатында ата-аналармен бірлескен жұмыстар күшейтіліп жатыр. Балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы ісшаралар түзіліп, психологиялық қолдау көрсетілуде. Оқиған болған күні білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскерлері жергілікті полициямен бірге жұмыс жүргізді. Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.", - делінген хабарламада. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
15 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
«Отбасымен демалып жүрген»: Белгілі миллиардер оқыс жағдайда көз жұмды
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Ауғанстанда шахта опырылып, 35 жұмысшы үйінді астында қалды
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Этика нормаларын бұзған прокурор орынбасары жұмыстан босатылды
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды