Түркістан облысында оқушы қыздың өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады.ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. «Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауға алынды», - делінген хабарламада. Айта кетсек, бірінші күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталған болатын. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауына алынған», - делінген хабарламада. Еске салайық, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Ұлттық банк теңге бағамына қатысты ахуалды түсіндірді
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Алдағы күндері Алматыда 25 градус аяз болады – ауа райы болжамы
Қазақстандық фильм Үндістанда екі аталым бойынша жүлде алды
Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануы: іс сотқа жетті