Түркістан облысында партия бақылауындағы мектеп құрылыстары уақытылы аяқталады

Түркістан облысында "AMANAT" партиясы филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылысы жүріп жатқан білім беру мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Республикалық Партиялық бақылау департаментінің инспекторы Есілбаева бастаған топ әуелі Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округіне қарасты Бағыс елдімекенінде салынып жатқан Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің құрылысымен танысты. Ауыл балалары қазір ыңғайластырылған нысанда білім алып жатыр. Ғимарат талапқа сай келмейтіндіктен әрі халық саны өсуіне байланысты тұрғындар партиядан жаңа мектеп салып беруді сұраған. “AMANAT”партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жол картасына енгізілілген 300 орындық мектептің құрылысы 2021 жылы басталды. Биыл пайдалануға беріледі.Ғабидулла ҚҰСАЙЫНОВ, БАҒЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Партиядан келіп, депутаттар келіп осының ертерек бітуіне әрекет жасап қадағалап осыны сапалы салынуына әрекет жасап жатқан оларға да рахмет. Жалпы ел қуаныштымыз. Бала-шағамыздың өсіп-өнуіне, көркеюіне осы мектептің ықпалы өте үлкен, көп бізге. Уәлихан РАХИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар барлығы да жұмыс кестесіне сай жүргізіліп жатыр екен. Одан кейін жұмысшылардың саны, одан кейін құрылыс материалдарының сапасы ауыл тұрғындарының да, одан кейін біздің де көңілімізден шықты. Партияның бақылауындағы тағы бір нысан- Қазығұрт ауданы Майлыошақ елдімекенінде салынып жатқан мектеп құрылысы. Әзірге мыңға жуық бала ескі ғимаратта білім алуда. 300 орындық білім нысанының құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында басталған. Межеленген мерзім-биыл желтоқсанның соңы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты