Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 86 нәресте дүние есігін ашты.Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 85 ана босанған. Өмірге келген сәбилердің 52-сі ер бала, 34-і қыз, оның ішінде 1 егіз бар. Аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, дейді дәрігерлер.