Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 түзеу мекемесін тексеру барысында сотталғандардың әлеуметтік міндетті төлемдерге, медициналық сақтандыру және зейнетақы қорлары бойынша аударымдарды тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Нәтижесінде жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 134 сотталушыға міндетті медициналық сақтандыру жарнасы төленбеген. Сонымен қатар кейбір жұмыс істейтін сотталушыларға жоғарыда аталған себептер бойынша зейнетақы жарналары алынбаған.Осыған байланысты уәкіл өкілі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Шымкент пен Түркістан облысы бойынша департаментіне ұсыныс жолдады. Нәтижесінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, 134 сотталушының тиісті құжаттары ресімделді. Зейнетақы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың төленуі қамтамасыз етілді."Анықталған бұзушылықтарға жол берген мекеменің төрт қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкіл өкілінің араласуынан кейін ғана сотталушылардың мүдделерін денсаулық сақтау және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылданды", - делінген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі берген мәліметте.