Түркістан облысындағы барлық аудан, қала әкімдері жер кодексінің талаптарын бұзып, заңсыз қаулылар шығарған

Түркістан облысындағы барлық аудан, қала әкімдері жер кодексінің талаптарын бұзып, заңсыз қаулылар шығарған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс аумағындағы суармалы жерлерді мемлекет мұқтажы үшін және арнайы жер қорына алып қою мәселелеріне сыртқы талдау жүргізді. Нәтижесінде аукцион өткізбей жер беру, өткізілген конкурстардың рәсімдерін сақтамау, жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жер құқықтарын беруден бас тарту және тағы басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері анықталды. Сондай-ақ, 2020-2023 жылдар аралығындағы қызметтерді құраған сыртқы талдау жұмыстары барысында Жер кодексінің талаптарын облысқа қарасты барлық аудан, қала әкімдері бұзғаны белгілі болды. Олар жер пайдаланушылардан, яғни кәсіпкерлерден суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы заңсыз қаулылар шығарған. «Мұндай қаулы шығару құзыреті Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, облыс әкімінің ғана құзыреттілігіне жатады. Аудан, қала әкімдіктерінің негізсіз әрекеттерімен кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келген, онымен қоса бағалы суармалы жер алқаптарының көлемі азайған. Сыртқы талдау нәтижесінде, аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекет мұқтажы үшін суармалы жер учаскелерін алып қоюдың заңсыз практикасы тоқтатылды» - деді Мұрат Төлеубаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Хусановтың «Манчестер Ситимен» келісімшартқа қол қоятын күні белгілі болды
Еліміздің бес өңірінде заңсыз көші-қон арналары жойылды
Иракта 9 жасар қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
VIN-кодтарды қолдан жасау: Қазақстанда ірі қылмыстық схема әшкереленді
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған