Түркістан облысындағы жылыжайлардың 90 пайызында құжат жоқ

Астаналық арнайы делегацияны бастап келген Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге оңтүстіктің жылыжай иелерімен кездесті. Онда тараптар талап-тілектерін ортаға салды.Диқандар талаптары орындалады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Алайда мемлекет тарапынан да бірқатар ұсыныс бар.Ең алдымен, жылыжай иелері өнімінің 70 пайызын нарықтық бағамен ішкі нарыққа сатуы тиіс.Яғни, көкөніс пен жеміс-жидектің басым бөлігі шетел емес, Қазақстан халқына қолжетімді болуы тиіс. Жылыжай иелеріне мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алудың заңды тетіктері қаралып жатыр.Алайда, ол үшін олар өз ісін заңдастыруды керек. Қазіргі жағдайда бұл да бұғау болып тұр. Өйткені жылыжайлардың 90%-дан астамы құжаттандырылмаған. Гектарлық субсидия беріледі. Ол үшін белгілі стандарттар бекітіледі. Олар сертификатталады. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік органдар тарапынан ережелер бекітіледі.Ал, қардан қираған жылыжайлар жеңіл темірден, стандарттарға сәйкес емес салынған.Келер жылы көмір тапшылығын болдырмау үшін осы бастан іс-әрекетке көшу керек.Алыпсатарлардан арылу үшін шаруалар кооператив құрып, тапсырысты ерте және нақты мөршерде беру керек.Отынды алдын ала сатып алып, сақтау үшін қауіпсіздік шаралары қамтылу міндеттеледі. Яғни, жер асты не қойма болуы міндетті.Жылыжай иелері - кәсіпкер. Соған қарамастан, әлеуметтік салаға бағытталған төмен бағада есептеледі.Бүгінгі басқосуға көрші Өзбекстаннан ауыл шаруашылығы саласы мамандары келді."Біз сіздерді тыңдауға келдік. Алдағы уақытта қиындықтарды болдырмау үшін, ерте қамданудың маңызы белгілі. Жылыжай иелеріне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау беріледі. Алайда олар тек заң аясында жүзеге асуы тиіс", - деді Серік Жұманғарин. Жылыжай шаруашылықтарын ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіруді субсидиялау (гектарлық субсидия) бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Ақпан төңкерісі, Ұлы Отан соғысы, Жаңаөзен оқиғасы“. Жылан жылы әр жылдары қандай оқиғалармен есте қалған?
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Күрестен Таразда өткен халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды