Түркістан облысында екі тәулік ішінде жүзге жуық адам астан ұшынды. Олардың барлығы Кентау қаласындағы жеңіл дайындалатын өнімдерді сатып алып жеген. Аурухана төсегіне таңылғандардың ең кішісі 3 жаста болса, арасында аяғы ауыр келіншектер де бар. Айта кетейік, дәл осы дәмханадан тамақ ішіп, ұшыну дерегі бұған дейін де тіркелген.Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Жаппай астан уланғандар Кентаудағы осы дәмханадан дәм татқандар. Қазір қоғамдық тамақтану орнының есігі жабық, жұмысын тоқтатқан. Арнайы тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кентаудағы орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне соңғы екі тәулікте 92 адам тамақтан ұшыну белгілерімен жүгінген. Барлығы «Ризық Рауаны» деп аталатын дәмханадан чикен, пицца және сушиді тапсырыспен алдырған. Арасында той-жиыннан дәл осындай тағамнан дәм татқандар да бар көрінеді. Айта кетейік, науқастардың дені мұнда отбасымен ем қабылдап жатыр. Хасан ЖАЛЕЛОВ, ЕМДЕЛУШІ: Пицца, суши и чикен заказ істедік. Содан табиғатқа барып жедік сол жақта. Содан үйге келдік, бір екі сағаттан кейін басталды ғой бәрімізде. Мен бірінші ауырдым, содан кейін сағат бір екілерде түнде балам уже қосылды. Бажам бала-шағасымен әйелі екіқабат, олар сол жақтан инфекционныйға түсті. Ұлбосын АМАЛДЫҚОВА, ЕМДЕЛУШІ: Дүйсенбі күні кешкісін Ризық раянадан үйге чикен мен пицца алдырғанбыз. Күйеуім мен екі қызым жегенбіз. Вторник күні азанда басталды. Іш өту құсу деген.Температура. Жаңағы біресе қатты жаурайсын, біресе қатты терлейсің, қызымда да тура солай. Сол жалобтар, сол симптомдар. Мазасы жоқ. Түнде де температурасы көтерілді. Дәрігерлер ем алушылардың жағдайы біршама тұрақталғанын жеткізді. Ауруханада дәл қазір 67 науқас тиісті емін қабылдап жатыр. Орынбек ТӨЛБАСИЕВ, КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оның 40-ы бала, 27-сі ересек адам. 27-нің ішінде үш жүкті әйел бар. Бүкіл келген науқастарымыздың басты белгілері –дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш өту болды. Қазіргі таңда науқастарымызды жағдайлары тұрақты. Алла қаласа алдағы күндері жағдайлары дұрысталған науқастарды біртіндеп үйлеріне шығара бастаймыз. Астан ұшынғандардың қалғаны амбулаторлық бақылауда. Айта кетейік, былтыр тамыз айында дәл осы дәмханадан тамақтанған 8 адам, қазан айында 168 адам ұшынған еді. Нұржігіт ӘЛИЕВ, КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: ҚР Қылмыстық кодексінің 304-ші бабының 1-ші бөлігімен тергеп тексеру басталды. Оқиға болған жерге қарау жүргізіліп, осыған қатысты азаматтардың, сол жердегі қызметкерлерден, науқастардан жауап алынып, жан-жақты тергеп тексеру жүргізілуде. Санэпидемиологтар жеңіл дайындалатын тағам әзірлейтін орындағылар былтырғы тексеруден соң негізінен тапсырыс арқылы жұмыс істеуге басымдық бергенін жеткізді. Алайда кемшіліктер жойылмаған. Жиырма қызметкердің 8-інің медициналық кітапшасы жоқ. Өткен жылы мерзімі өткен тауарлар анықталған дәмханадан тексеруге алынған биылғы өнімдер де күмәнді деп қосты. Асқар ЫСҚАҚОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қай жерден тауарларды қай жерден алғанын шикізат өнімдерін ешқандай сертификаты жоқ. Ешқандай шот фактура жоқ. Әр жерден бір алып, анализ алу барысында да байқадық, 4 фирманы крилышкылары төрт фирманың крылишкилары тұр. ол қай жерден келген, қай базардан келген немесе қай мекемеден әкеп доставка жасаған ба белгісіз. Осындай жағдайлар өте көп орын алған. Астан ұшынғандардан полицияға әзір шағым түспеген. Былтыр 168 адамның алтауы ғана арызданыпты. Оның өзінде кешірім берген.