Түркістан облысындағы Отырар ауданында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған спорттық алаң Жамбыл атындағы мектеп-лицейдің аумағында орналасқан. Бұл аудандағы мектепке қарасты алғашқы типті үлгідегі стадион. Енді ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізетін болады. Бұқаралық спорт дамиды. Ел футболын өрлеуіне үлес қосатын өскелең ұрпақ тәрбиеленуіне септеспек.Талғат СӘРСЕНБАЕВ, ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектеп оқушыларының арасында спорттық жарыстар ұйымдастырған кезде оқушылардың осындай футбол ойнайтын алаңдары жоқ тұғын. Міне осыған бұл өте үлкен көмегін тигізді. Міне осы жерде енді аудандық мектеп оқушыларының спартакиадасында барлық мектептің оқушылары келіп, осы жерде доп теуіп, футбол жарыстарын өткізуге рұқсат етіледі. Ашылу салтанатына қатысқандар 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында жолдастық кездесуді тамашалады. Айта кетейік, футбол алаңы екі айда демеушілердің қаржысына салынды. Уалихан ҰЗАҚОВ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қалада этаж домның алдында кішкентай стадиондар бар ғой, балаларға ойын, сондай болады деп ойлағанбыз. Ал кейіннен ақшаның жиналуына байланысты, кәсіпкерлердің көбейуіне байланысты осындай кең көлемде салынды. Бұған қысы-жазы ойнауға болады. Жан-жағының бәрі свет, түнде де ойнауға болады жазды күндері.