Түркістан облысындағы трассаларға блокбекеттер қойылып жатыр

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 31 жолаушыға көмек көрсетілді.Күн райының күрт суытуына байланысты Түркістан облысындағы жолдар жабылуда. Қазіргі кезде «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 601 шақырымындағы Шақпақ ауылының маңы мен 654 шақырымындағы Машат асуында 2 блокбекет орнатылды. Сондай-ақ Бәйдібек ауданы аумағындағы облыстық маңызы бар Шаян-Ағыбет, Шаян-Ақбастау, Шаян-Мыңбұлақ, Шаян-Бірлік-Кеңестөбе автожолдары жабылып, қосымша 4 блокбекет қойылды. Өңірде тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жол бойында адасып қалған және автокөліктері қарда тұралап қалған жолаушыларға көмектесуде. Мәселен, Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 635 шақырымындағы Қарашық ауылы маңында 6 жолаушымен Түркістаннан Алматыға шыққан «Toyota Alphard» көлігі және 5 жолаушысы бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Бәйдібек ауданы аумағында жол ортасында тұрып қалған 17 жүргізушіге көмек көрсетіліп, 6 көлік кері қайтарылды. «Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен 11 желтоқсаннан бастап маңызы бар жолдарда патрульдеу мен ауа-райының құбылуына байланысты жолаушыларға көмек көрсету жұмыстарын тәулік бойы жүргізілуде. Сақшылар тұрғындарға ауа-райының қолайсыз болуына байланысты алыс жолға шықпау керектігін ескертеді» - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова. Айта кетейік, бұдан алдын қатты аяздан Түркістан облысында жолдар жабылып, мектептер онлайнға көшкенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Түркістан облысындағы трассаларда 4 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Әуре-сарсаң емес“. Полицейлер қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады
Канелоны сескендірген боксшы Бетербиевтен жеңісті "алып алды"
ІІМ: Былтыр елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайған
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Павлодарда өрттен аман қалған әйел полицейлерге алғыс айтты
Екі жасар қыз ойнап жүріп 135 магниттік шар жұтып қойған
Қазақстанда XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады