Түркістан облысында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.ТЖМ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. ТЖД және ЖАО күштерімен шамамен 25 адам, 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінен жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жалғасуда, - делінген хабарламада.