Түркістан облысының жұмыспен қамту орталығында 31 миллион теңге ұрланған

Түркістан облысының жұмыспен қамту орталығында 31 миллион теңге ұрланған

Түркістан облысының прокуратурасы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Еңбек мобильділігі орталығы" қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kzТексеру нәтижесінде "Қоғамдық жұмыс" мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға жалақыны заңсыз аудару арқылы 31 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.Жинақталған құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, тергеу жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды."Жастар практикасы" және "Ақылы қоғамдық жұмыс" бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына 2023 жылға міндетті медициналық сақтандыру бойынша 11,6 млн теңгеге төлем жүргізілмеген.Орталық қызметінде 4 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар және шарттарда негізсіз талаптар қою арқылы 760 кәсіпкердің құқықтарын шектеу фактілері анықталды.Бұдан бөлек, "Қысқа мерзімді оқыту" бағдарламасы шеңберінде оқудан өткен 50 адам іс жүзінде үздіксіз (6 айға дейін) жұмыспен қамтамасыз етілмеген.Осындай бұзушылықтарды болдырмау және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы облыс әкімдігіне және уәкілетті мемлекеттік органдарға 4 прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, жекелеген фактілер бойынша құжаттар процестік шешімдер қабылдау үшін экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
  • Massaget
Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
  • Massaget
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
  • el.kz
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
Алматының индустриалды аймағында былтыр 10 жаңа жоба жүзеге асты
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды