Түркістан облысының түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйламақ

Түркістан облысында Ордабасы ауданы Темірлан ауылының 2004 жылғы мектеп бітірушілері мұқтаж отбасылардың біріне баспана сыйламақ. Аудан орталығындағы қос қабатты тұрғын үйден екі бөлмелі пәтерді бірігіп сатып алған. Әктеп, сырлау жұмыстарын аяқтаған жігіттер дәл қазір кілемін төсеп, пердесіне дейін өздері іліп жатыр. Көпбалалы отбасыға жиһаздарына дейін алып бермекші. Бұл баспана аудандағы жалғызбасты аналардың біріне тапсырылады. «Темірландағы ең мұқтаж деген жанды таңдап алдық. Әзірге ол отбасы өзіне жасалғалы жатқан тосын сыйдан бейхабар»,- дейді түлектер. Пәтер кілтін ертең, яғни соңғы қоңырау күні өмірден өткен ұстаздары мен сыныптарының рухына құран бағыштау кезінде жалғызбасты анаға хабарласып, сүйінші сұрамақ.  Нұрболат ОРЫНТАЕВ, ТЕМІРЛАН АУЫЛЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Бұл енді біздің қайырымдылық ісімізді басқада түлектер бар, 10 жылдық, 20 жылдық түлектеріміз бар, солар әрі қарай жалғастырып, қаншама жетім отбасылар бар әке-шешесінен айрылған, жалғызбасты аналар бар. Солардың барлығына әйтеуір кішкене болсын үлестерін қосып, үйлі болып, осы мақсатымызды әрі қарай жалғастырса деген ниетіміз бар енді. Ал Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауылының түлектері ауыл сыртынан аллея салып жатыр. Бұл ауылда 400 -дей үй бар. Бұрын мұнда саябақ болмаған. Үш мыңдай тұрғын кешқұрым серуендейтін орын жоқ дейді түлектер. Аудан әкімінің қолдауымен 25 соттық жерді заңдастырып алғандарын айтады. Сыныптастар демалыс орнын өздері қоршап, жарықтандырып, жолды да өз күштерімен бетондапты. Енді көгалдандыру жұмыстары қалды. Жасыл желек егіп, айналаны гүлдендірмекші. Мұнда әр түлектің еңбегі барын айтқан жастар осында балаларға ойын алаңқайларын жасап, спортпен шұғылданатын қажетті құралдар қоймақ. Нұрболат ҮНДЕМЕСОВ,  ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Үлкен аталарымыз, апларымыз осы жерге келіп немерелерін ойнатып жүрсін деген мақсатта. Одан кейін ауылымыздың кішкентай балалары осы жерде ойнап, дене шынықтырып, осындай мақсатта барлығымыз ақылдасып осы оййды құптадық. +Мақсатымыз осы , әр түлек ауылда бір зат жасасақ туған елімізге еңбегіміз сіңсе деген мақсатта осындай ізгі амал жасап жатырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылдың үздік кітаптары
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
Қатонқарағайға Астана мен Алматыдан тікелей рейстер қатынайтын болады
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды