Түркістан облысының тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz.Ер адам басқа ұлт өкілдерінің тарапына дөрекі сөздер айтып, наразылығын білдірген бейнеролик жасаған. Бұл видео құқық қорғау органдарының назарын аударып, күдікті анықталды. Ол Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қазір Қазақстан аумағынан тыс жерде.