Түркістан облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, 9 жыл халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады.Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Одар әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.