Түркістанда 74 жастағы әже лифтінің шахтасына құлап, көз жұмды. Оқыс жағдай «Жаңа қала» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сол сәтте 5-ші қабатта жедел сатыда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Қарт кісі лифт шахтасына 3-ші қабаттан құлап түскен көрінеді. Ол алған жарақаты салдарынан ауруханада жан тапсырды. Серіктестік өкілдері, лифтіде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тұрғындарға алдын ала хабарладық деп отыр. Алайда оқиға орнында болғандар жедел сатының есігі ашық болғанына сенімді.Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясындағылар «Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылғанын айтудан таңбауда. Бөлім басшысы Талғат Үсенбаев шахтаға құлаған кейуананың есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатқанын жеткізді. Қазір осы жәйтке байланысты мән-жайды полиция анықтап жатыр.