Түркістанда балабақша көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді қағып кетті

Түркістанда балабақшадан қайтқан кішкентай бала көлік астына түсіп көз жұмды. Бүлдіршінді балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын көлік жүргізушісі басып кеткен. «Hyundai Starex» маркалы көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген. Сол мезетте бала көліктің алдынан жүгіріп өтпекші болады. Ал оны жүргізуші байқамаған. Полиция мәліметінше, бүлдіршін дер кезінде ауруханаға жеткізілген, дегенмен жансақтау бөлімінде көз жұмды.Берік НЫШАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазіргі таңда полициямен аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тергеліп, жүргізуші қамауға алынды. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Көлікті сол сәтте мүлдем басқа адам айдап келген деген ақпарат айтылуда. Сол маңда болған куәгер туысы жүргізуші ғана емес, бұған жауаптылардың барлығы жазасын алсын деп отыр. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ: Түркістан қалалық білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, мемлекеттік балабақшаның ата-аналары өзара тасымалды ұйымдастырғаны белгілі болды. Көлік тізгінінде болған адам шаруашылық жөніндегі қызметті атқарғаны анықталды. Жүргізушілікті қосымша алып жүрген. Тасымал барысында көлікте жауапты тәрбиеші болмаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Сезілетін температура" деген не өзі? – Қазгидромет жауап берді
Әділбек Мусин әлем чемпионатында рекорд орнатты
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді