Түркістанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Елімізде балалар арасында бір күнде бес қылмыс жасалса, жылына 150 жеткіншек түрлі жазатайым жағдайға ұшырайды. Ал күн сайын 6 балаға қатысты қылмыс жасалып, үш жүзден астам адам тұрмыстық зорлық- зомбылыққа тап болады. Бұл туралы Түркістанда өткен жиында талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қоғамдағы өзекті проблеманы ашық мойындап, зорлық-зомбылыққа қарсы қоғам мәдениетін нығайту қажет, - деді.  Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Бүгінгі іс-шараны арнайы киелі Түркістан жерінде ұйымдастыруымыздың себебі – осындай ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау. Бүгін арқаны кеңге салсақ, ертең кеш болуы әбден мүмкін.  Басқосуда сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінде зорлық - зомбылыққа ұшыраған отбасылар мен балаларға психологиялық көмек көрсететін орталықтар ашылатыны айтылды. Балалар құқығын қорғау комитетімен мектептерде Қауіпсіздік сабақтары да енгізілмек. Динара ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Балардың қауіпсіздігіне қатысты және балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша заңға жазаны қатаңдататын, жауапкершілікті күшейтетін өзгерістерді дайындадық. Заң жобасын дайындадық. Бұл заң жобасын сарапшылармен, үкіметтік емес ұйымдармен алдағы уақытта талқылайтын боламыз. Сонымен балаларға арналған мекемелерге қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда аймақтармен үш жылға жоспар дайындап жатырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді