Түркістанда денесі каналдан табылған қыздың суға ағып кетуіне не себеп? Кім кінәлі? Марқұм Інжу Ескерместің өліміне қатысы барлар анықталсын дейді марқұмның анасы. Ойнауға шығып, ізім-қайым кеткен 11 жасар қызды полицейлер мен еріктілер ұзақ іздеді. Көрген білгендерден сұрағанмен бес күн бойы хабар болмаған. Тек жасөспірімнің каналға құлап кеткені бейнебақылау камерасындағы жазбалар нәтижесінде анықталды. Оның қасында тағы бір қыздың болғаны белгілі болды.Тұрсынай ТАСТАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: Әлі мойындап отқан жоқ шындығын деп отырмын. Бала, өйткені, айтуынша сөзінде ағып кеткен жоқ, бетінде қалғып кетті дейді. Бетінде қалғып кетпейді, суға түскен адам батып кетеді деймін. Детектр лжи бар, басқа бар, шындық шынымен ашылсын деймін мен. Қазақстанның бүкіл халқы қарап отырсыздардар ғой, бұл нәрсе ашылмаса болмайды. Бұндай боп кете береді барлық нәрсе жәй жылы жабылып. Жылы жапқанын қаламаймын, маған шындық ашылсын. Еске салайық, қыздың мәйіті 11 шақырым қашықтан судан табылды. Қазір мән-жайды полиция анықтап жатыр. Гүлнар ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Қазіргі таңда оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде. Мәйітке сырттай қарау жұмыстары жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.