Түркістанда көкөніс бағасы өсіп барады

Елімізде көкөніс бағасы арзандаудың орнына қымбаттап барады. Басты себеп - сақтайтын қоймалардың тапшылығы. Төленетін субсидия мардымсыз. Ауылшаруашылық саласындағы осы секілді өзекті мәселелер бүгін Түркістанда өткен Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында сөз болды. Жиында көкөніс шаруашылығы саласы мен суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Айта кетейік, оңтүстік өңірде биыл қыс қатты болды. Әсіресе жылыжай шаруашылықтары үлкен шығынға ұшырады. Салдарынан жылыжайы көп күнгейдің өзінде көкөніс бағасы арзандамай тұр. Шығын көп деген шаруалар несие өтеу мерзімінде демалыс береміз деген уәде сөз күйінде қалды деп шырылдады. Диқандар минералды тыңайтқыштардың да қымбаттап кеткенін көлденең тартты. Көмір де қат.Данияр ҚАЛТАЕВ, ШАРУА: Қазір біз көмірдің болмау себебінен екінші айналымға егеміз ба, екпейміз ба деген сұрақ туындап тұр бізде. Ал Шұбаркөл көмір олар бізге бермейміз дейді. Коммерциялық бағамен алыңыздар дейді. Ол баға өте қымбат баға. Ол өз кезегінде қымбатшылыққа алып келеді. Аймақта коммуналдық тарифтердің бағасы да қымбат. Оңтүстіктегі шаруалар үшін ағын су да өзекті мәселе. Кейбір каналдар жекенің меншігінде болып, жөндеу көрмесе, мемлекеттен миллиардтаған қаржы бөлінгендерінің өзі сапасыз. Салдарынан егістік алқаптарына су жетпей жатыр. Тіпті басталған жұмыс аяқсыз қалды деп мәселе көтерді кәсіпкерлер. Күнгейлік диқандарды мазалаған мәселеге құлақ түрген мәжілісмендер проблеманы шешуге атсалысатындарын жеткізді. Болатбек НӘЖМЕТДИНҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Біздің мақсатымыз миссиямыз осы жергілікті жерді тыңдау. Жергілікті жерде тыңдағанда әкімдікке көмектесу. Орталықтағы мемлекеттік органдардың түгел бәрін айтып мына жерде сендердің істегендерің дұрыс емес екен, мыналарды осындай ғып шешу жолдары бар екен, қайтадан қараңдар деген ұсыныстарды енгізуіміз керек. Ал енді оларды енгізбесе онда біз оны үкімет басшысынан талап етеміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда халықаралық дуалды оқыту орталығы құрылуда
«AMANAT»: Ауылға қамқорлық – бұл өткенге, бүгінге және болашаққа деген қамқорлық
Цифрландыру жұмысы: Түркістан облысында білім мекемелері қалай дамып жатыр?: 13 желтоқсан 2024, 12:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды
Маңғыстаулықтар Азия чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовті салтанатпен қарсы алды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Қаңтардан қаңтарға дейін...