Түркістан облысында жергілікті тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан емханаға айыппұл салынды.Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің айтуынша, облыстағы емханалардың бірінде медициналық көмек ала алмай жүрген ер адамды дәрігерлер қараудан бас тартқан. Арызданушының заңмен белгіленген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығы шектелген. Яғни, емхана ұжымы ер адамға көмек көрсетуден бас тартқан, – деді омбудсмен. Осы дерекке қатысты омбудсменнің өңірлік өкілі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына ұсыныс жолдап, соның нәтижесінде ережені бұзғаны үшін медициналық ұйымға 160 мың теңгеден астам айыппұл салынып, жергілікті тұрғынның құқығы қорғалды.