Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы өтіп жатыр

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға аймақтағы елдер Парламент Палаталарының делегациялары қатысуда.Екі күнге жалғасатын Форумда олар парламентаралық қатынастарды кеңейтудің басым бағыттарын және біртұтас рухани-мәдени кеңістікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай нығайту үшін осындай кездесулердің маңызы зор екенін айтты. Палата Спикері аймақтағы елдердің Мемлекет басшыларының байланысы жоғары деңгейде екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты жан-жақты және белсенді дамытуға Парламент өкілдері де өз үлестерін қосуы керектігін атап өтті. Форумға қатысып жатқан қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен делегацияларын тиісінше Қырғызстан Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиев, Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева, Тәжікстан Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзода және Түрікменстан Меджлисінің төрағасы Гурбанмурат Ашыров бастап келді. Іс-шара кезінде депутаттар Орталық Азия елдерінің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселесін және Парламенттердің осы үдерістегі рөлін талқылайды. Сонымен қатар форумға қатысушылар ортақ тарихи-рухани мұраға негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту барысына назар аударады. Форумның қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданады. Құжатта экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және өзіндік бірегейлігімен ерекшеленетін Орталық Азияның біртұтас мәдени-тарихи кеңістігін қалыптастыруға арналған парламентаралық қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары көрсетіледі. Айта кетейік, аталған Парламентаралық форумды өткізу туралы шешім былтыр шілде айында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінде қабылданды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Жағдайы ауыр": Семейде шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы айтты
ForteBank-тің POS-терминалы кәсіпкерлерге сатылымды арттыруға қалай көмектеседі
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қолайсыз ауа райы: БҚО-дағы жолдың бір бөлігі жабылды
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды