Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында жұмыс секцияларының отырысы өтті

Дала демокартиясын жаңғыртып, Ұлытаудың ұлы миссиясын жалғаған Ұлттық құрылтай бүгін Түркістан қаласында басталды. Биыл ол екінші рет өтіп жатыр. Екі күндік іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері келді. Түркістанға әріптесім Бекболат Сатуов барды. Бекболат, кеш жарық. Құрылтай қарсаңындағы шағын топтағы секцияларда қандай мәселелер көтерілді?Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Рақмет, Әмина! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына қатысады. Ал бүгін құрылтай қарсаңында шағын топтағы секциялар ұйымдастырылды. Соның бірі «Қоғамдық консолидация» тақырыбында болды. Яғни қоғамды біріктіру мәселелері талқыланды. Отырысқа Президент әкімшілігі басшысының орынбасары әрі Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева қатысты. Ол жиында айтылған барлық мәселелер назардан тыс қалмайды деді. Аида БАЛАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ХАТШЫСЫ: Елді толғандырған мәселелердің ауқымы да бағыты да алуан. Жалпы құрылтай барысында болсын. Онлайн арналар арқылы болсын, айтылған әрбір пікір ескеріледі. Барлық мәселелер мұқият зерделеніп, Мемлекет басшысының назарына ұсынылады. Ал Ұлы дала елі орталығында өтіп жатқан екінші секцияда Ұлттық құрылтай мүшелері мәдени-рухани даму мәселелері сөз болды. Бұл өз кезегінде қатысушылардың өңірдегі өзекті мәселелерді көтеруіне толық мүмкіндік береді дейді, - Мәжіліс депутаты. Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Жалпы қоғам даумы үшін қоғамда бірлік болуы керек. Ұлтаралық қатынас жақсы болу керек. Сонымен бірге қоғамның дамуына кері әсер ететін көптеген мәселелерден біз арылуымыз керек. Міне осы бағытта қазір Ұлттық Құрылтай жұмыс істеп жатыр. Көптеген мәселелер көтеріп жатыр. Тек қана ұлтаралық қатынастар немесе береке-бірлікке ғана емес. Мынау қоғамдағы жалпы бар мәселелерді қазір азаматтар көтеріп жатыр. Ал сентор Бейбігүл Жексенбай қазір Ұлттық құрылтай халықтың арыз-шағымын қабылдайтын бірегей платформаға айналып отыр дейді. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ұлытауда айтылған негізгі мәселелер бойынша бірнеше заңдарға өзгерәстер енгізіліп жатыр. Бастамашы топтар құрылып жатыр. Және ең бастысы біздің арнайы Құрылтай мобильді қосымшасының пайда болуы, егов сияқты. 400-ден аса ұсыныстың қарапайым халықтың атынан түсуінің өзі қоғамда бір үлкен өзгерістің басталғанын байқатады. Үшінші секция отырысы «Білім және ғылым» деп аталды. Онда цифрлық және жаңа технологиялық шындық, ұрпақтар сабақтастығын сақтау аясында қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың ерекшеліктері талқыланды. Жоғары білім берудегі реформаларды жетілдіру, оның ішінде жоғары оқу орындарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу және оқытушылардың мәртебесін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Құрылтай қонақтары Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне барып, керуен сарай туристік кешеніне экскурсия жасады. Айта кетейік, ертең Құрылтайдың негізгі шаралары болады. Оған мемлекет басшысының өзі қатысады. Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерді сенбі күні кешкісін «Сараптаймс» бағдарламасында толығырақ тарқатамыз. Әмина мендегі бар ақпарат осы. Сөз кезегі өзіңде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
«Бақытты отбасы»: Ерке Есмахан Италияда жүрген видеосын жариялады
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
ҚБТУ ғимаратындағы өрт кезінде Мемлекеттік Ту сақталды
Алматы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті жою үшін ТЖ қызметтеріне қажетті көмекті көрсетеді
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
«12 мың АҚШ доллар берген»: Жәнібекті шетелге сатып жібергендер ақыры әшкереленді
Павлодар облысы: Ақсуда май өндіру зауыты салынады
Алаяқ-хамелеондар: олар өздерін кім деп таныстырады?
Елорда әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Қарызын қайтармағаны үшін атқан: Шымкентте 52 жастағы ер адам ұсталды
«Өте қылықты»: Әсел Сағатованың видеосы желіде қызу талқына түсті
Қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирінің жеңімпаздары анықталды
«Тағдырлы, ән жырлы Мақпал»: Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісова өлең арнады
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: ТЖМ мәлімдеме жасады
Атырауда дәмхана маңында төбелес шыққан: зардап шеккендер бар
«Бақытты отбасы»: Ерке Есмахан Италияда жүрген видеосын жариялады
ҚБТУ ғимаратындағы өрт оқшауланды
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ҚБТУ-дағы өрт бойынша жедел штаб құрылды
«Ниеттен басталады»: Ерке Есмахан шетелге шығудың құпия жолын айтты