Көктем шуағын ала келген арулар мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мәні ерекше шара ұйымдастырды. Тақырыбы-«Зорлық-зомбылықсыз қоғам». Форумның мәні мен мазмұны бөлек дейді ұйымдастырушылар. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев мерекелік ізгі тілегін арнап, құттықтауын жеткізді. Мемлекет басшысы әрдайым әйелдің қоғамдағы мәртебесіне айрықша мән беретінін атап өткен төраға нәзік жандылардың құқығын қорғауға, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударылғанын тілге тиек етті. Мұнан соң жиналғандар партия өкілі, Қалыйма Жантөрееваның «Қошқаратадағы қыз» эссесі негізінде түсірілген тақырыптық қысқаметражды фильмді тамашалады. Түркістан облысы- демографиялық өсімі жоғары аймақ. Өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар, оның 183 мыңнан астамы – көпбалалы. 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр. Мереке қарсаңында қоғамның түрлі салаларында адал еңбегімен танылған қыз-келіншектерге «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаты мен мерекелік сияпаты табысталды.Аманкүл АЛШЫМБАЕВА, «ТЕМІРЛАН АБАТТАНДЫРУ» МЕКЕМЕСІНІҢ АБАТТАНДЫРУШЫСЫ:Біріншіден, рақмет айтқым келеді «AMANAT» партиясына, акиматқа. Елеп бізді шақырып, марапаттағанына. Үлкен-үлкен рақмет айтамын. Біз негізгі жұмысымыз – біз расында күндіз- түні жұмыс істейміз. Суыққа қарамаймыз, жаңбырға, қарға қарамаймыз, бүкіл жұмыс істеп жүреміз. Әйелдер форумына 300-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Қоғамдағы өзекті мәселені дәл мереке қарсаңында көтеруіміз бекер емес дейді бұл форум жетекшісі. Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ:Әділетті қоғам жасау үшін, мықты қоғам жасау үшін, экономикасы өскен, өркениетті ел жасау үшін бірінші қоғамның тұрақтылығын жөндеп алу керек. Ол тұрақтылық –зорлық-зомбылықсыз қоғам. Әйел зорлық көрмеу керек, бала зорлық көрмеу керек. Құқықтарының теңдігі сақталу керек. Бүгінгі тема өте бір ашылды деп ойлаймын. Қоғамды тәрбиелейтін де – ана, ұрпақты өмірге алып келетін де – ана, жол көрсететінде - ана.