Түркістанда «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбында форум өтті

Көктем шуағын ала келген арулар мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мәні ерекше шара ұйымдастырды. Тақырыбы-«Зорлық-зомбылықсыз қоғам». Форумның мәні мен мазмұны бөлек дейді ұйымдастырушылар. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев мерекелік ізгі тілегін арнап, құттықтауын жеткізді. Мемлекет басшысы әрдайым әйелдің қоғамдағы мәртебесіне айрықша мән беретінін атап өткен төраға нәзік жандылардың құқығын қорғауға, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударылғанын тілге тиек етті. Мұнан соң жиналғандар партия өкілі, Қалыйма Жантөрееваның «Қошқаратадағы қыз» эссесі негізінде түсірілген тақырыптық қысқаметражды фильмді тамашалады. Түркістан облысы- демографиялық өсімі жоғары аймақ. Өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар, оның 183 мыңнан астамы – көпбалалы. 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр. Мереке қарсаңында қоғамның түрлі салаларында адал еңбегімен танылған қыз-келіншектерге «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаты мен мерекелік сияпаты табысталды.Аманкүл АЛШЫМБАЕВА, «ТЕМІРЛАН АБАТТАНДЫРУ» МЕКЕМЕСІНІҢ АБАТТАНДЫРУШЫСЫ:Біріншіден, рақмет айтқым келеді «AMANAT» партиясына, акиматқа. Елеп бізді шақырып, марапаттағанына. Үлкен-үлкен рақмет айтамын. Біз негізгі жұмысымыз – біз расында күндіз- түні жұмыс істейміз. Суыққа қарамаймыз, жаңбырға, қарға қарамаймыз, бүкіл жұмыс істеп жүреміз. Әйелдер форумына 300-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Қоғамдағы өзекті мәселені дәл мереке қарсаңында көтеруіміз бекер емес дейді бұл форум жетекшісі. Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ:Әділетті қоғам жасау үшін, мықты қоғам жасау үшін, экономикасы өскен, өркениетті ел жасау үшін бірінші қоғамның тұрақтылығын жөндеп алу керек. Ол тұрақтылық –зорлық-зомбылықсыз қоғам. Әйел зорлық көрмеу керек, бала зорлық көрмеу керек. Құқықтарының теңдігі сақталу керек. Бүгінгі тема өте бір ашылды деп ойлаймын. Қоғамды тәрбиелейтін де – ана, ұрпақты өмірге алып келетін де – ана, жол көрсететінде - ана.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі басталды
Абай облысында қос азаматтығы бар адам елден қуылды
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі