Түркістандық полицейлер көпірден секірмекші болған азаматты құтқарып қалды

Патрульдік полицейлер көпірден секірмекші болған азаматты құтқарып қалды. Polisia.kz. дерегінше, түнгі сағат 23:30 шамасында Алматы – Термез тас жолында патрульдеп жүрген полицейлер көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқап қалады. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған белгісіз адамды көрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Бағлан Жораұлы мен Өткір Мэлсұлы оқиға орнына шұғыл жетті. Қос полицей тездетіп, жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған орта жас шамасындағы ер адамның жанына жақындаған. Оны аман алып қалуға қажетті шараларды іске асырды. Осы сәтте сол жердегі тұрғынның бірі көмекке келіп, ер адамды сөзге айналдырып тұрды. Ал қос полицей көпірге ілініп тұрған тұрғынның екі қолынан күш салып тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына, масаң күйде болуы мен отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Сондай-ақ көпбалалы әке теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайға жеткізбейтінін айтты. Алайда полицейлердің шапшаңдығы мен кәсібилігінің арқасында оқиға сәтті аяқталып, азамат отбасына аман-есен тапсырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың деректері жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған