Түркістандық тергеушілер 25 жыл бұрын із-түссіз кеткен шетелдік қызды жақындарымен қауыштырды

Түркістандық тергеушілер 25 жыл бұрын із-түссіз кеткен шетелдік қызды жақындарымен қауыштырды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Өткен жылдың наурыз айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне көршілес қаладағы полиция бөлімінен Өзбекстан Республикасының азаматы, яғни үй-күйсіз (аты-жөні белгісіз, құжатсыз) жүрген 40-тан асқан әйелдің ісі келіп түскен. Онда Шымкент қаласындағы дағдарыс орталығына түскен өзбекстандық әйел Сарыағаш ауданында притонда сексуалдық құлдықта болғанын, 10 жасында әке-шешесі Өзбекстан Республикасына белгісіз біреулерге сатып жібергенін айтқан. Осы іс бойынша сарыағаштық полицейлер жан-жақты тергеу әрекеттерін жүргізді. Сол жылдың қарашасында іс Түркістан облысы ПД-ның өндірісіне қабылданды. Тергеу барысында сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалары тағайындалды. Оның жақын таныстарынан жауап алынды. Осыдан соң желтоқсан айында ҚР ІІМ арқылы Өзбекстан Республикасына жәбірленушінің жеке басын анықтау мен оған қатысты шынында адам саудасы қылмысы орын алған немесе алмағандығын анықтау үшін халықаралық тапсырма жолданды. Полиция департаментімен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде департамент қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Қашқадария облысы ШаҺрисабз ауданы Сарчашма ауылынан жәбірленушінің әке-шешесі, туған-туыстарын анықтап, олармен кездесу жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері әйелдің заңды түрде құжаттануы үшін қажетті шаралардың барлығын атқарып, жеке куәлігі мен төлқұжатын алуға ықпал етті. Қазіргі таңда жәбірленушінің өз еліне оралуына жағдай жасалып жатыр. Анықталғандай, жәбірленуші 17 жасында үйінен кетіп қалған. Ал жәбірленушінің құлдықта болдым, әке-шешем сатып жіберген деген уәждері дәлелін таппай ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтамға алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Президентке есеп берді
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
Бектенов: Тозығы жеткен, апатты жағдайдағы инфрақұрылым жаңартылады
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін