Instagram-да тараған роликтің авторы Қазақстандағы түрмелерде 14 жастан асқан жасөспірім қыздар көп деп мәлімдеді. Автордың сөзінше, олар "есірткі жасырғаны" үшін бас бостандығынан айырылған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz.Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды."Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.