Танымал мобилограф Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада Тұрлаш алғашында арақатынастары қалай өрбігенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның сөзінше, алғашында ешқандай сыйлық алмаған."Тұрмысқа сәтті шығып, жолы болды деп ойласаңыздар, қатты қателесесіздер. Алғашында сөйлесіп жүрген кезде ешқандай сыйлық алған жоқпын, көңіл бөлмейтін. Мені 8 наурызда екі күннен кейін гүлдің суретін жіберіп осылай құттықтады. Өзімді қоярға жер таппадым", - дейді ол.Блогердің айтуынша, одан кейін жұбайы гүл сыйлаған. Бірақ бұл жолы да ойлағанындай болмаған."Бұл кеш есімде. Қыздармен шықтым. Маған жеткізу қызметінен хабарласты. Гүлдер. Таңғажайып нәрсе күттім, бірақ... Менде гүлдің суреттері жоқ. Себебі ондай жасағым да келмеді. Букет шамамен осындай болды. Үлгі ретінде интернеттен алдым. Түймедақ", - дейді ол.