Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарауға болмайды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте атқарылып жатқан шаралар туралы пікір білдірді. Айтуынша, балаларға қарсы қылмыс, вандализм, отбасындағы әлімжеттік секілді жүгенсіздікке тосқауыл болу үшін қоғамда заң мен тәртіп қатаң сақталып, қылмысқа төзбеубеушілік қағидаты дәріптелу керек. Осы мақсатта Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою үшін күш жұмылдыруы маңызды. Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ: Әрине, қоғамда басқа көзқарас та бар. Кейбіреулер заңнаманы одан әрі қатаңдату мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткішін төмендетеді деп есептейді. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазаның қатаңдығы және одан бұлтару мүмкіндігінің болмауы ─ қылмысқа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тетігі. Бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтардың көзқарасы, моральдық ұстанымы да өзгеруі керек. Осындай әрекеттерге көз жұмып қарайтын болсақ, онда мемлекет қабылдап жатқан шаралардан еш нәтиже шықпайды.