«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау қажет»,- сарапшы

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау қажет»,- сарапшы

Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 81 мыңнан астам арыз, шағымдар мен ақпараттар тіркелді. Нәтижесінде 60 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғам белсенділері әйелдерге қарсы отбасында жасалған зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді талап етіп отыр. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру қажет деп есептейді. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Биылғы 10 айда өткен жылмен салыстырғанда отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты келіп түскен арыз - шағымдар саны 20% азайды. Ал әкімшілік жауапқа тартылатындар керісінше 60% -ке көбейген. Қазақстанда әрбір үшінші әйел- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны. Ал әрбір алтыншы бала, өкінішке қарай, жанұядағы жанжалдың куәгері. Қала тұрғыны Баян -тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген көп әйелдің бірі. Жарты ай бұрын жұбайы оны балағаттап, көкала қойдай етіп сабап тастаған. 10 жыл отасқан күйеуі бұған дейін де бірнеше рет қол көтергенімен, соңғы жағдай Баянға ауыр тиген көрінеді. Қорлыққа шыдамаған ол 2 жасар баласын жетектеп, үйінен кетіп қалған. Баян, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір мен оған ультиматум қойдым. Не емделесің психикалық түрде, не отбасы болмаймыз деп. Арыз жаздым. Медициналық экспертизадан өттім. Сарапшылар елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңдар жетілмеген деп есептейді. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауды талап етеді. Зүлфия БАЙСАҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ: Агрессормен коррекциялық жұмыс, тәуекелдерді бағалау бағдарламаларын Заңға енгізу керек. Тек заңнамалық деңгейде ғана тұрмыстық зорлық -зомбылыққа барған адамдарға жауапкершілік арта аламыз. Қазір тек әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Негізінде бас бостандығынан айыруға дейін жеткізу керек. Заңның қатаңдығы - қылмысқа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тетігі. Бұл мәселеге қатысты тұрғындардың да пікірін тыңдадық. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Может семьяда жетіспеушілік, ішушілік. Например, күйеуі ішеді. Содан басталады ғой. Заңды күшейту керек. Ұлым бар, қызым бар, қорқамын. - Заңды күшейтсе, онда барлық ер адамды соттап тастау керек қой. Любой семьядағы ер адамды алып, соттап жіберуге болады. Әйел адамның өзіне де байланысты. Әйел адам өзі кішкене дұрыстап сөйлесе деп ойлаймын. Бірақ қол көтеруді қолдамаймын. Бәріміздің қыздарымыз бар, қарындастарымыз бар, шешелеріміз бар деген сияқты ғой. - Күнде естіп, көріп жатырмыз. Ұлға әдетті түрде күнде айтамын: «Қызға не то что қол, даже даусыңды көтеріп сөйлесуге болмайды» деп. Қандай жағдай болса да, ешқашан да ер адам, еркек болса әйелге қол көтеруге болмайды. Мен ойлаймын, штраф, предупреждение емес, обязательно түрмеге отырғызып, срок беру керек. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша хаттама жасау үшін қазір куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары да жеткілікті. Ал соңғы шешімді сот қабылдайды. Әрі қарай әріптесім Еркін Карин жалғастырады. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Оралда жыл басынан бері отбасында жәбір көрген 500-дей адам "тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына" жүгініпті. Олардың дені - қыз-келіншектер. Бүгінде олардың бәріне тиісті көмек көрсетілген. Ал полиция дерегінше, осы санаттағы 20 қылмыстың тең жарымын кінәлілер мас күйінде жасаған. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ұрыс-керіс болады әрине. Бірақ әйел адамға қол жұмсау дегенді қылмыс деп есептеймін.  - Басында бар адам болса, сөзбен де жеткізуге болады ғой. Жететін адамға сөзбен де жеткізуге болады. Енді қалай дейін, түсінбейтін адамды ұр не, соқ не, ешнәрсе шықпайды одан. Қоғамда әйел еркектен бір саты төмен тұрады. Мұндай түсінікті өзгерту әзірге мүмкін емес. Өкініштісі - жатжұрттық деп саналар қызды кемсіту үйде де, түзде де кеңінен таралған, дейді сарапшылар. Альфия ШАМАЕВА, САРАПШЫ: Әйелдерді математикаға қабілетті емес, техника, технология жағынан қабілетті емес, солардың қабілеті ер адамдарға қарағанда төмен деп айтады, солай қабылдайды. Ол қандай жақсы көрсеткіштер көрсетсе де, ер адамнан жоғары көрсеткіштер көрсетсе де, оған оның мүмкіндіктері төмен. Ол мен үшін гендерлік теңсіздіктің айқын көрінісі, жеке өз басым үшін кемсітушілік. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бүгінде бауыр еті баласына алимент төлемей жүрген оралдық жігіттердің берешегі 800 миллион теңгеден асыпты. Ұл-қызын несібесінен қаққандарға құзырлы органдар да қайран қыла алмай отыр. Ендігі сөз Абзалда, қызылжарлық әріптесім тақырыпты жалғастырады. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Ал Қызылжарда жыл басынан бері тұрмыстық жанжалдан 1800-ден астам адам жапа шеккен. Полицейлердің хабарлауынша, былтырғымен салыстырғанда зорлық-зомбылық көрсеткіші 23 пайызға төмендеген. Отбасында ойран салған 500ге жуық ер адам қамауға алынды. Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Отбасындағы зорлық фактілерін анықтау бойынша 497 рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 104 тұрмысы нашар отбасы есепке қойылды. Есепке қойылған адамдар апта сайын тексеріледі. Жақынынан зәбір көрген келіншектер арнайы орталыққа келеді. Биыл мұнда 70-ке жуық адам жүгінген. Озбырлықтан қажыған әйелдер оңалту мекемесінде жарты жылға дейін тегін тұруға құқылы. Артынша не жолдасымен татуласады, не жұмыс тауып, бөлек шығады. Алайда, аналардың біраз бөлігі орталыққа қайтып келетін көрінеді. Татьяна УСМАНОВ, “ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЗАҢГЕРІ: Реабилитациялық орталық 20 адамға лайықталған. Біз мемлекеттік қолдаудың арқасында оларды тегін тамақтандырып, баспанамен қамтамасыз етеміз. Жарты жылда есін жиған әйелдер үйлеріне қайтады. Бірақ олардың 30 пайызы біршама уақыттан кейін қайтадан оңалту орталығына келеді. Себебі, отбасылық жанжал үнемі қайталанып отырады. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Сала мамандары отбасылық зорлық-зомбылықты мейлінше тыю үшін заңды күшейту қажет дейді. Себебі, қатаң жазаға ілікпейтінін сезген жанжал шығарғыштар әбден босаңсып кеткенін айтады.

  «Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
«Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
  • aikyn
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына екі-ақ спортшы жібереді
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына екі-ақ спортшы жібереді
  • 1bol.kz
Оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті
Оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті
  • el.kz
Мұрат Нұртілеу Оман Елшісін қабылдады
Мұрат Нұртілеу Оман Елшісін қабылдады
  • el.kz
Шығыс Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты
Шығыс Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартты
  • azattyq-ruhy
«Жылаған дауысы естілді:» Семейде 7 жастағы қыз өртенген үй ішінде қалып қойған (ВИДЕО)
«Жылаған дауысы естілді:» Семейде 7 жастағы қыз өртенген үй ішінде қалып қойған (ВИДЕО)
  • sn.kz
  «Байлыққа малынып отырмын»: Айгүл Иманбаева қымбат сыйлықтарын көрсетті
«Байлыққа малынып отырмын»: Айгүл Иманбаева қымбат сыйлықтарын көрсетті
  • aikyn
Оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті
Оқушылар «Геотактика» виртуалды полигонында сайысқа түсті
  • el.kz
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына екі-ақ спортшы жібереді
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына екі-ақ спортшы жібереді
  • 1bol.kz
  Боксшы Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
Боксшы Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
  • aikyn
Мектеп директоры 176 мың теңгенің сыйлығын менсінбеді
Мектеп директоры 176 мың теңгенің сыйлығын менсінбеді
  • baq.kz
Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды
Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды
  • 1bol.kz
Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
  • azattyq-ruhy
Қазақстан ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысуда
Қазақстан ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысуда
  • el.kz
  «Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
«Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
  • aikyn
Ресейдің танымал әншісі қазақстандық жасөспірімді зорламақ болған
Ресейдің танымал әншісі қазақстандық жасөспірімді зорламақ болған
  • azattyq-ruhy
"Жалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреп жүр": астанада болған жағдай видеоға түсіп қалды
"Жалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреп жүр": астанада болған жағдай видеоға түсіп қалды
  • baq.kz
Сенаторлар БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдерімен кездесті
Сенаторлар БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдерімен кездесті
  • el.kz
  Астанада 7-9 наурыз аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 7-9 наурыз аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
  • aikyn
«Бара-бара қазақ болады»: Байзақов кәріс әйелінің қазақ тілін қаншалықты меңгергенін тексерді
«Бара-бара қазақ болады»: Байзақов кәріс әйелінің қазақ тілін қаншалықты меңгергенін тексерді
  • azattyq-ruhy
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
  • aqshamnews
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
  • baq.kz
Бас мүфти қандай жағдайда пітір садақасы берілмейтінін айтты
Бас мүфти қандай жағдайда пітір садақасы берілмейтінін айтты
  • sn.kz
  5 наурызға арналған валюта бағамы жарияланды
5 наурызға арналған валюта бағамы жарияланды
  • aikyn
"Пахтакор" Азия чемпиондар лигасында сенсация жасады
"Пахтакор" Азия чемпиондар лигасында сенсация жасады
  • penalty
Қазақстаннан кеткен Черчесовке 2,5 млн еуро жалақы ұсынылды
Қазақстаннан кеткен Черчесовке 2,5 млн еуро жалақы ұсынылды
  • 1bol.kz
Роналду ирандық әйелді құшақтағаны үшін дүре соғу жазасына кесілуі мүмкін – БАҚ
Роналду ирандық әйелді құшақтағаны үшін дүре соғу жазасына кесілуі мүмкін – БАҚ
  • 1bol.kz
Велоспорт: «Астана» шабандозы Бельгиядағы жарыста үздік ондыққа кірді
Велоспорт: «Астана» шабандозы Бельгиядағы жарыста үздік ондыққа кірді
  • turkystan
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
  • qaz365.kz
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
  • turkystan
Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатудың алғашқы шарттарын атады
Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатудың алғашқы шарттарын атады
  • qaz365.kz
Қазақстандық әлем чемпиондары допинг қолданды деп айыпталды
Қазақстандық әлем чемпиондары допинг қолданды деп айыпталды
  • penalty
Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
  • TengriNews
Қоғамдық көлік жаңарады: екі жылда 900 жаңа автобус сатып алынбақ
Қоғамдық көлік жаңарады: екі жылда 900 жаңа автобус сатып алынбақ
  • azattyq-ruhy
Елімізде биыл тағы 53 теміржол вокзалы жөнделеді
Елімізде биыл тағы 53 теміржол вокзалы жөнделеді
  • azattyq-ruhy
Қазақстанда 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Қазақстанда 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
  • azattyq-ruhy
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
  • bugin.kz
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
  • TengriNews
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
  • baq.kz
Жасанды интеллект шенеуніктерді алмастыра ала ма? - Депутат пен ChatGPT жауабы
Жасанды интеллект шенеуніктерді алмастыра ала ма? - Депутат пен ChatGPT жауабы
  • baq.kz
Баян Алагөзова кішкентай қыздарын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)
Баян Алагөзова кішкентай қыздарын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Жаңа заң Түркістан қаласының өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыруға басымдық бермек - Әзімбек Пазылбекұлы
Жаңа заң Түркістан қаласының өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыруға басымдық бермек - Әзімбек Пазылбекұлы
  • qaz365.kz
Динара Құлыбаеваға қатысы бар ҚБТУ мемлекетке қайтарылды
Динара Құлыбаеваға қатысы бар ҚБТУ мемлекетке қайтарылды
  • qaz365.kz
Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерге ұнайтын жаңалық айтты (ВИДЕО)
Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерге ұнайтын жаңалық айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Жайылып жүрген қой жолаушылар пойызын тоқтатты
Жайылып жүрген қой жолаушылар пойызын тоқтатты
  • almaty_tv
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
  • almaty_tv
ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
  • almaty_tv
Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындар табысының 50 пайызынан қағылуы мүмкін
Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындар табысының 50 пайызынан қағылуы мүмкін
  • almaty_tv