Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызына кетіп қалған кезде кәсіпкердің бұрынғы әйелі қандай қиындықты бастан кешіргенін айтты

Елімізге танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың экс-жұбайы Ляйсира Марат ажырасуды қалай қабылдағанын жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. “Маған: “Ажырасуға қалай көндіктің? Қалыпты өмірдің бір сәтте ойраны шыққанда қандай сезімде болдың? Қалай қабылдадың?” деген сұрақтар жиі қойылады.Алғашқыда ештеңе сезінбедім. Бар болмысым – қайғы-мұң еді. Денем, ағзам, сезімім, эмоцияммен сұмдық сезімді бастан кештім. Тыныстай алмадым. Тіпті параллель әлемде өмір сүріп жатқандай болдым. Жақындарым келіп, бірдеңелер айтып, құшақтап, жұбатуға тырысты. Бірге күліп отырып шай ішетінбіз, менің де күлгенім есімде. Бірақ жан дүнием бос, қара құрдым секілді еді. Әбден әлсірегенде менің алдымда екі таңдау болды: өмір сүру немесе өкінішпен өткенде қалу. Сол кезде ішімде бір үміт пайда болғандай болды. Ол менің жаңа өмірімнің бастамасы еді. Әрине, ажырасу кезінде қорқыныш, шарасыздық пен өкініш сезімдерінің болуы заңдылық. Бірақ менде бәр жақсы аяқталды. Уақыт өте келе дұрыс таңдау жасағаның үшін өзіңе рахмет айтатын боласың”, – дейді Ляйсира Марат. Кәсіпкер әйелдің бейнежазбасын көрген оқырман оған барынша қолдау көрсетіп, тілекші екенін білдірді. “Ляйсира сіз өте жақсы адамсыз. Оларды жіберіңіз, ешқайсысы бұл туралы айтпайды, өйткен олар бақытты. Сізге де әйел бақытын тілеймін”, “Мен сізді жақсы түсінемін. Мен де ұлдарым үшін бәрін жеңіп шықтым”, “Өмірде бәрі өткінші”, “Жан дүниеңізді кірлетпей, өзіңізді аялай біліңіз”, “Сіз мықты адамсыз”, – деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жол жабылады
Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді