Тұтынушылар 10 кәсіпкерге қатысты шағым түсірді

"Мобильді аударым арқылы төлем қабылдамады". Осылай деп тұтынушылар 10 кәсіпкердің үстінен Сауда және интеграция министрлігіне шағым түсірді. Оларға қандай шараға қолданатынын Динара Жақсыбайқызы анықтап көрді. Жыл басталғалы осындай оқиға көбейді. Бірі қолма-қол ақша талап етсе, енді бірі тек картамен төлем қабылдауға көшкен. БЛИЦ-САУАЛНАМА - Дұрыс емес әрине. Потому что мысалы менде екі ай ақша жоқ. Наличка ұстамаймын. А требуеть. - Кішкене ауырлау болып тұр адамдарға мысалға. Дайын ақша жоқ ұстап жүрген. Сатып алушы төлем әдісін өзі таңдайды. Бұл заңда да айқын көрсетілген. Ал заңға қарсы келген сатушыға қатысты шара көрілетін болады. Мәселен, жыл басталғалы тиісті министрлікке 10 кәсіпкерге қатысты шағым түскен. МЕРУЕРТ АСҚАРҚЫЗЫ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: Барлық келіп түскен өтініштер құзыреті бойынша ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне, ҚР Әкімшілік рәсімдік процесстік кодексінің 65-бабы 1 тармағына сәйкес жан-жақты қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды. Кәсіпкерлердің де өз уәжі бар. Олар табыстың көбі салыққа кетіп жатыр дейді. Сатушылар бөлшек салықты немесе банктің мобильді аударымдардан ұстайтын пайызын азайтса деп өтініш білдіреді. Сауран ГАТИХОВ, ҚАЗАҚ ФАСФУД ФРАНШИЗАСЫНЫҢ ПАРТНЕРІ: Банктардың пос-терминалдарын қабылдаймыз. Ол жерде біз одан бөлек, айналымымыздан 3 процент, 3пайыз налог төленеді. Және де әр банктің өзінің алатын бізден пайызы бар. Біз бұл жерде екі рет налог төлегендей боламыз да. Қазір сатушылар мобильді аударымдар арқылы төлемнің кез келген түрін қабылдауда. Мұны біз өзіміз тексеріп көрдік. Кейбірі қолма-қол ақша сұрағанымен, кейін нөмірлерін айта жөнелді. Себебі төлем қабылдамаған сатушылар айыппұл арқалайтынын біледі. Ал шағым түскен дүкеннің иесі немесе сатушы алдымен ескерту алады, екінші рет қайталанса, 40 айлық есептік көрсеткіш, яғни 150 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швециямен ойнайды
ҚБТУ ғимаратындағы өрт кезінде Мемлекеттік Ту сақталды
ДНҚ-анализ: генетикалық картаңыз сіз жайлы не айта алады?
Спорттық протеин құрамындағы ауыр металдар денсаулыққа қауіпті
Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды
Тұман түсіп, көктайғақ болады
Жалға үй іздеу кезінде қалай алаяқтарға алданып қалмауға болады?
Жайық өзенінде қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген
78 қазақстандық өсімдік шаруашылығы кәсіпорны ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті
12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Грузия, Қытай, Корея: Қазақстанға көлік жеткізудің артында тұрған шындық
Құны 100 мың теңгеден асады: блогер бренд аяқ киімнің былығын көрсетті (ВИДЕО)
Қыстағы төтенше жағдай: Жұмыс берушінің міндеті қандай?
12 қаңтарда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Францияда екі пойыз соқтығысты
«Ұялмайсыз ба?»: Баян Алагөзова жағажайда жатқан фотосын көрсетті
Қазақстанда аптаның соңғы күнінде ауа райы қандай болады
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Ақтөбеде 700-ден астам баланы туберкулезге шұғыл тексеріп жатыр
Қазақта алдағы жеті күнді қалай атайтынын білесіз бе (ВИДЕО)
Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
ҚБТУ ғимаратындағы өрт кезінде Мемлекеттік Ту сақталды
Қай дәруменнің тапшылығы шаш түсуіне әкелуі мүмкін?