Тұтынушылық несиенің жылдық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін

Елімізде тұтынушылық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаулы жобасын әзірледі. Жоба 29-наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Жалпы бұл нені өзгертеді? Сарапшылар не дейді? Тілшілер сабақтайды.Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Елімізде тұтынушылық несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету бастамасы көптен бері көтеріліп келеді. Барлығы қосылатын жылдық пайыздың азайғанын қалайды. Жаңа жоба 8 процентке төмендетуге бағытталған. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі: Бұйрыққа сәйкес, екінші деңгейлі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша кепілсіз банк қарыздарын 44 пайызға, кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздарын 40 пайызға төмендетеді. Сонымен қатар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 пайыз, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микронесиелер 44 пайыз болып бекітілмек. Сарапшылар, сегіз процент мәселені шешпейді деп отыр. Қаржы ұйымдары арасында бәсекелестік болған жағдайда ғана пайыздық мөлшерлемені төмендетуге қол жеткізуге болады деген пікірде. Таңдау болған жерде тұтынушылар ең азына баратыны айтпаса да түсінікті. Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Мүмкін бұл микроқаржы ұйымы мәселен 56% болса, басқа біреуінікін 50% беретін шығар, басқа біреуі 40% беретін шығар, басқа біреуі 30% беретін шығар. Сондай бәсекелестік орта орналастыру керек. Ал бұны әкімшілік жолмен «жоқ сендер 40%-дан асырмайсыңдар» десе мәселен қысқа мерзімді 1-2 күндік несиелерді беру өте қиын боп калады. Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Белшеден қарызға батпас үшін несиенің пайызына мән беру маңызды. Бірақ көпшілік, рәсімделгеніне қуанып, төлеу қабілетін ескермейді. Оған соңғы деректер дәлелі. Қазір қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2 трлн теңге қарыз. Ал атыраулықтар кредитті көп ала ма? Мұнайлы өлке тұрғындарының микроұйымдарға берешегі қанша? Әріптесім Базаргүл Нәдірқызы жалғастырады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Атыраулықтар арасында несиеге деген тәбет тыйылмай тұр. Қаржы ұйымдарынан қарыз алу былтырмен салыстырғанда 50 пайызға артқан Биыл қаңтарда екінші деңгейлі банктер 47, 5 млрд теңге несие берген. Бұл былтырмен салыстырғанда 52, 7 процентке көп. Оның басым бөлігін, яғни 34 млрд теңгесін жеке тұлғалар алған. Эльмира ӘДИЕТОВА, ЭКОНОМИСТ: Несиелік келісім шартта қол қоюда несиені беруші банктің менеджерлері қарыз алушыға, яғни несиені алушы халыққа қаржылық сауаттылығын арттыру үшін түсіндірме жұмыстарын дұрыс жүргізу керек. +соңғы жылдары қомақты мөлшерде несие алатындар болса, қаржылық кеңес беру кезінде осы мәселелердің бәрі толыққанды жүргізілмегеннің кесірінен халық несиеге тәуелді болып отыр. Қарыз күліп кіріп, жылап шығады. Аймақ тұрғындары да несие алу оңай болғанмен, пайыздың мөлшері көптігінен төлеу қиын, сондықтан алмауға тырысатынын айтады. Ал кейбірі несие алу дамыған заман үшін қалыпты құбылыс,- дейді. БЛИЦ: - Адам қараптан-қарап алмайды ғо. - Елдің бәрінде бар. Қажет болған соң алады ғой. - Мен кредитке қарсымын. Кредит алмаймын да. Кредит алған соң қанша пайызбен төлеу керек. - Менің ойымша, қолдағы бар ақшамен өмір сүру керек. Бекер қарызға кірмей. Өзіңе ғана сеніп. Мен өзім несие алмаймын+Осыған банктердің өздері үйретті деп ойлаймын. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ұлттық банктің Атырау филиалының ақпаратынша, халықтың несиеге берешегі де артып отыр.Тұтыну мақсатындағы несиелер бойынша берешек - 304 млрд теңге. Ал Петропавлда көрсеткіш қалай? Қанша адам банкроттыққа өтінім берді? Әріптесім АҚ жалғастырады. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қызылжар өңірінде бір аптада 175 адам банкроттыққа өтінім берген. Қаржылай дағдарысқа ұшырағандардың арасында жастар да бар. Жаңа заңды олар тығырықтан шығудың жеңіл жолы ретінде қарастырса керек. Петропавлдық 27 жастағы жігіт не бары алты жүз мың теңге көлеміндегі несиесі үшін өзін банкрот деп жарияламақ. Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері заңға сәйкес оның есімін атауға құқылы емес екенін мәлімдеді. Дегенмен, ақшалай қысылтаяңға түскендердің өтініші түгел дерлік қанағаттандырылмайды деді. Үміткерлер арнайы талаптарды орындауы тиіс. Мәселен, қаржылық мекемелердегі қарызы бойынша төлемі кемінде 12 айға кешіктірілуі керек. Ал банкрот деп танылған соң, бірқатар шектеулер болады. Айбол АМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Ол азаматтар соңғы бес жылда несие ала алмайды. Соңғы жеті жылда өзін банкрот деп тани алмайды. Сонымен қатар үш жылға қатар қаржылық мониторингке түседі. Яғни, ол кісілердің атына бағалы мүліктер тіркеліп жатса, ол мүліктің шығу тегі анықталады. Заңсыз, түсініксіз жағдайда алынған мүліктердің барлығы анықталғаннан кейін қайтадан өндіріп алу мүмкін ол қарызды.Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Банкрот туралы бастама- бұл бір реттік акция емес. Заңды күшіне енген жүйеге сәйкес енді тығырыққа тірелген әрбір азамат кез-келген уақытта өзін банкрот деп жариялауы мүмкін. Айта кету керек, бүгінде елімізде 12 айдан бері несиесін төлей алмай жүргендердің саны 1 миллион 400 мың адамнан асады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Астанада бір мезетте 12 000 көрермен Әнұранды орындады
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Мас жүргізушіні жасанды интеллект камералары анықтайды