Тұтынушылық несиенің жылдық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін

Елімізде тұтынушылық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаулы жобасын әзірледі. Жоба 29-наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Жалпы бұл нені өзгертеді? Сарапшылар не дейді? Тілшілер сабақтайды.Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Елімізде тұтынушылық несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету бастамасы көптен бері көтеріліп келеді. Барлығы қосылатын жылдық пайыздың азайғанын қалайды. Жаңа жоба 8 процентке төмендетуге бағытталған. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі: Бұйрыққа сәйкес, екінші деңгейлі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша кепілсіз банк қарыздарын 44 пайызға, кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздарын 40 пайызға төмендетеді. Сонымен қатар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 пайыз, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микронесиелер 44 пайыз болып бекітілмек. Сарапшылар, сегіз процент мәселені шешпейді деп отыр. Қаржы ұйымдары арасында бәсекелестік болған жағдайда ғана пайыздық мөлшерлемені төмендетуге қол жеткізуге болады деген пікірде. Таңдау болған жерде тұтынушылар ең азына баратыны айтпаса да түсінікті. Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Мүмкін бұл микроқаржы ұйымы мәселен 56% болса, басқа біреуінікін 50% беретін шығар, басқа біреуі 40% беретін шығар, басқа біреуі 30% беретін шығар. Сондай бәсекелестік орта орналастыру керек. Ал бұны әкімшілік жолмен «жоқ сендер 40%-дан асырмайсыңдар» десе мәселен қысқа мерзімді 1-2 күндік несиелерді беру өте қиын боп калады. Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Белшеден қарызға батпас үшін несиенің пайызына мән беру маңызды. Бірақ көпшілік, рәсімделгеніне қуанып, төлеу қабілетін ескермейді. Оған соңғы деректер дәлелі. Қазір қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2 трлн теңге қарыз. Ал атыраулықтар кредитті көп ала ма? Мұнайлы өлке тұрғындарының микроұйымдарға берешегі қанша? Әріптесім Базаргүл Нәдірқызы жалғастырады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Атыраулықтар арасында несиеге деген тәбет тыйылмай тұр. Қаржы ұйымдарынан қарыз алу былтырмен салыстырғанда 50 пайызға артқан Биыл қаңтарда екінші деңгейлі банктер 47, 5 млрд теңге несие берген. Бұл былтырмен салыстырғанда 52, 7 процентке көп. Оның басым бөлігін, яғни 34 млрд теңгесін жеке тұлғалар алған. Эльмира ӘДИЕТОВА, ЭКОНОМИСТ: Несиелік келісім шартта қол қоюда несиені беруші банктің менеджерлері қарыз алушыға, яғни несиені алушы халыққа қаржылық сауаттылығын арттыру үшін түсіндірме жұмыстарын дұрыс жүргізу керек. +соңғы жылдары қомақты мөлшерде несие алатындар болса, қаржылық кеңес беру кезінде осы мәселелердің бәрі толыққанды жүргізілмегеннің кесірінен халық несиеге тәуелді болып отыр. Қарыз күліп кіріп, жылап шығады. Аймақ тұрғындары да несие алу оңай болғанмен, пайыздың мөлшері көптігінен төлеу қиын, сондықтан алмауға тырысатынын айтады. Ал кейбірі несие алу дамыған заман үшін қалыпты құбылыс,- дейді. БЛИЦ: - Адам қараптан-қарап алмайды ғо. - Елдің бәрінде бар. Қажет болған соң алады ғой. - Мен кредитке қарсымын. Кредит алмаймын да. Кредит алған соң қанша пайызбен төлеу керек. - Менің ойымша, қолдағы бар ақшамен өмір сүру керек. Бекер қарызға кірмей. Өзіңе ғана сеніп. Мен өзім несие алмаймын+Осыған банктердің өздері үйретті деп ойлаймын. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ұлттық банктің Атырау филиалының ақпаратынша, халықтың несиеге берешегі де артып отыр.Тұтыну мақсатындағы несиелер бойынша берешек - 304 млрд теңге. Ал Петропавлда көрсеткіш қалай? Қанша адам банкроттыққа өтінім берді? Әріптесім АҚ жалғастырады. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қызылжар өңірінде бір аптада 175 адам банкроттыққа өтінім берген. Қаржылай дағдарысқа ұшырағандардың арасында жастар да бар. Жаңа заңды олар тығырықтан шығудың жеңіл жолы ретінде қарастырса керек. Петропавлдық 27 жастағы жігіт не бары алты жүз мың теңге көлеміндегі несиесі үшін өзін банкрот деп жарияламақ. Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері заңға сәйкес оның есімін атауға құқылы емес екенін мәлімдеді. Дегенмен, ақшалай қысылтаяңға түскендердің өтініші түгел дерлік қанағаттандырылмайды деді. Үміткерлер арнайы талаптарды орындауы тиіс. Мәселен, қаржылық мекемелердегі қарызы бойынша төлемі кемінде 12 айға кешіктірілуі керек. Ал банкрот деп танылған соң, бірқатар шектеулер болады. Айбол АМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Ол азаматтар соңғы бес жылда несие ала алмайды. Соңғы жеті жылда өзін банкрот деп тани алмайды. Сонымен қатар үш жылға қатар қаржылық мониторингке түседі. Яғни, ол кісілердің атына бағалы мүліктер тіркеліп жатса, ол мүліктің шығу тегі анықталады. Заңсыз, түсініксіз жағдайда алынған мүліктердің барлығы анықталғаннан кейін қайтадан өндіріп алу мүмкін ол қарызды.Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Банкрот туралы бастама- бұл бір реттік акция емес. Заңды күшіне енген жүйеге сәйкес енді тығырыққа тірелген әрбір азамат кез-келген уақытта өзін банкрот деп жариялауы мүмкін. Айта кету керек, бүгінде елімізде 12 айдан бері несиесін төлей алмай жүргендердің саны 1 миллион 400 мың адамнан асады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
НАТО жақын арада тарауы мүмкін
Газдан уланған: Маңғыстау облысында бір отбасының 7 адамы көз жұмды
Бес жыл ішінде өз баспанамызға қаражат жинауға мүмкіндік алдық
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
Ең нашар газет – өте сыпайы газет
Оразаның ғибраты
Несие алуға «қоңырау арқылы» тыйым салуға болады
БҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
Астанада пәтерде жалғыз қалып қойған үш жасар қыз құтқарылды
8 Наурыз: Қыздарға қалай қарапайым әрі әсерлі сыйлық жасауға болады?
«Кейде сырласуға білімім жетпейтін сияқты»: Дастан Оразбеков жұбайын әбден мақтады (видео)
«Отанына оралуға ниеті жоқ»: Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар
Атырауда ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
Қазақстанның су добынан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде алды
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды
Бір үйір жылқыға кезіккен ерлі-зайыпты апатқа ұшырап, көз жұмды
«Странджа» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды
Астанада жол қозғалысына қауіп төндірген 21 жастағы жүргізуші ұсталды
Макрон Украинаға жүздеген миллиард еуро көмек жіберуге уәде берді
Әлеуметтік жәрдемақымен күн көрген Джоан Роулинг қалай миллиардер болды?
«Анам қазақтардың арқасында 107 жасқа дейін өмір сүрді»: Шешен азаматы қазақ халқына алғыс айтты (ВИДЕО)
Қазақстандық спортшы Париждегі әлем кубогында топ жарды
Алматы – Бішкек тас жолында жап-жаңа көліктер жанып жатыр